

Судағы фитнестің артықшылықтарын сезініп, жүзуді үйренгіңіз келсе немесе жай ғана пайдалы уақыт өткізуді қаласаңыз,
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының фитнес-орталығындағы жалпы ауданы 221,6 м2 болатын 2 жайлы бассейнге баруға шақырамыз:
- Бассейн: 25 м х 9 м, таяз нүкте тереңдігі - 1,2 м, тереңдік нүктесі - 1,8 м, 4 жолақ, температура 27-28 °;
- Шағын бассейн: тереңдігі 1,4 м, температурасы 32°.
Фитнес-орталығы қалаушылар үшін бассейнде топтық және жеке сабақтарды ұсынады. Жүзу сабағына 7 жастан бастап балалар қабылданады. Бассейндерде жүзуге қажетті барлық құрал-жабдықтар мен құрылғылар бар.
Келушілер назарына:
• Бассейнге шомылу костюмі, арнайы ауыстыратын аяқ киім (сланцы) және жүзу қалпақшасы болған жағдайда ғана кіруге рұқсат етіледі;
• Сізге ыңғайлы болуы үшін киім ауыстыратын бөлмелер, жеке шкафтар және душ кабиналары бар;
• Ерлер мен әйелдердің киім ауыстыратын бөлмелерінде бөлек
фин саунасы мен хаммам бар.
Әр айдың соңғы дүйсенбісі - бассейнде тазалық күні.
Сабақ бағалары:
№ | Қызмет атауы | Сабақ саны | Бағасы (теңге) | 1 сабақтың ұзақтығы | Жарамдылық мерзімі |
1 | Бір реттік кіру | 1 сабақ | 2 500 | 1 сағат | Сағат |
2 | Ересектерге арналған жеке сабақ | 1 сабақ 8 сабақ 12 сабақ | 6 500 50 000 65 000 | 1 сағат | Сағат Ай Ай |
3 | Ересектерге арналған нұсқаушымен топтық сабақтар | 1 сабақ 8 сабақ 12 сабақ | 5 000 35 000 45 000 | 1 сағат | Сағат Ай Ай |
4 | Балаларға арналған жеке сабақ | 1 сабақ 8 сабақ 12 сабақ | 4 000 30 000 40 000 | 1 сағат | Сағат Ай Ай |
5 | Балаларға арналған нұсқаушымен топтық сабақтар | 1 сабақ 8 сабақ 12 сабақ | 3 000 23 000 28 000 | 1 сағат | сағат Ай Ай |
Ескерту: бассейнге бір рет баруға (2 500 теңге) сағат 7:00-ден 15:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Байланыс телефоны: +7 705 559 01 98, +7 7172 70 25 60, +7 7172 70 25 64 – фитнес-орталығының ресепшен.
Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 43.