Елорда тұрғындары Жақсылық Үшкеміпров туралы не біледі?

Елорда тұрғындары Жақсылық Үшкеміпров туралы не біледі?

Бүгін — қазақтың даңқты ұлы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні. Бұл күн — тек бір спортшының ғана емес, тұтас бір халықтың мақтанышының дүниеге келген күні.

Бүгін біз қала тұрғындары арасында Жақсылық Үшкемпіров жайлы не білетінін тыңдадық. Көзі тірісінде елге жанашыр бола білген тұлғаның рухына тағзым ете отырып, тұрғындарға Жақсылық ағамыздың есімін еске алудың бір белгісі ретінде шағын сыйлығымыз — термос табыстадық.

Оның есімі — қажыр мен қайраттың, қарапайымдылық пен парасаттылықтың символы. Үшкемпіровтің өмір жолы — әр қазақ баласына мотивация, ал арманы — бізге аманат.