
«Күрес түрлері бойынша олимпиадаға даярлау орталығы» РМҚК 2024 жылды табысты қорытындылады. Биыл орталықтың спортшылары халықаралық жарыстарда, әлем және Азия чемпионаттарында тамаша нәтижелер көрсетіп, ең ірі турнирлерде медальдар жеңіп алды.
Біз өзіміздің балуандарымыз бен жаттықтырушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз, олар жоғары деңгейдегі нәтиже көрсету үшін орасан зор жұмыс атқарды.
Биыл бізбен бірге болған баршаңызға – жаттықтырушыларға, спортшыларға, мамандарға және жанкүйерлерге үлкен рақмет айтамыз. Алда көптеген алар асулар тұр, бірақ осындай күшті ұжыммен біз жеңіске нық сенімдіміз!