
Бүгін Urban School балалары Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралады. Атақты қазақстандық балуан Жақсылық Үшкемпіровтің атымен аталған бұл заманауи спорт кешені жекпе-жектің әртүрлі түрлерін дамыту, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау және түрлі іс-шараларды өткізу орталығы болып табылады.
Сондай-ақ, сапар барысында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Жұлдызай-2024» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындарын тамашалады.
Сапар соныңда Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының операциялық бақылау қызметінің басшысы Турлыбаев Нуржан Бекжанович, әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Ермаков Адилет Ермакович, спорт түрлері бойынша әдіскер Абилькаева Тана Темирбаевна және энергетика жөніндегі бас инженері Дыбысов Темирбек Толегенович Urban School балаларына дәріс өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды спорттық және техникалық салаларда дамуға шабыттандырды.