«Жұлдызай-2024» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы

«Жұлдызай-2024» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Жұлдызай-2024» Республикалық Ұлттық Инклюзивті ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

700-ден астам қатысушы еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, спорттың 7 түрінен сайысқа түсуде.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитеті және «Жұлдызай және К» Қоғамдық қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры «Sportqory» корпоративтік қоры қолдауымен.

Осы орайда салтанатты іс-шараның ашылуына парадзюдодан Париж Паралимпиадасынын күміс жүлдегері, елордалық, спортшы Ерғали Шәмей арнайы қатысты.