6 мамыр - Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

6 мамыр - Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

Бүгін КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.

Ұлтымыздың даңқты балуанының жеңісті жолын, жарқын бейнесін бірге еске алайық.

Жақсылық Үшкемпіров 1975 жылы КСРО халықтарының жазғы спартакиадасында чемпион атанды. Екі дүркін КСРО чемпионатында топ жарды, алты рет жүлдегер болды.

Қазақстан чемпионатын бірнеше рет жеңіп алды.

1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс жулдегері, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, Әлем чемпионы!

Бүгінде Ж.Үшкемпіров атында елорда төрінде жекпе-жек сарайы бар. Онда күрес түрлерінен төрткіл дүние көз тіккен байрақты бәсекелер өткізіліп тұрады.

Біздің тілегіміз, Жақсылық ағамыздың боз кілемдегі жарқын жолын кейінгі балуандарымызға берсін.

Алдағы Олимпиадаларда алтыннан олжа салар қазақтың бозым ұлы көп болғай!