
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Қазақстанға ресми сапармен келген FIBA Бас хатшысы Андреас Загклисав елордадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Андреас Загклисавтің бұл нысанмен танысуы «Ұлттық баскетбол федерациясы» РҚБ президенті Абай Абдисаметович Алпамысов пен «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Жандос Жаксылыкович Ушкемпировтың үйлестіруімен жүзеге асты.
Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы – күрес түрлерінен (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таеквондо, аралас жекпе-жек) халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені. Сонымен қатар, бұл спорт нысанында түрлі деңгейдегі баскетбол жарыстары да тұрақты түрде өткізіліп келеді.