
2024 жылдың 3-6 қараша аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында боччадан Қазақстан Республикалық Кубогы өтуде.
Жарысқа 14 өңірден тірек-қозғалыс аппараты зақымданған 85 спортшы қатысуда.
Қазақстан Республикасының Кубогы параспортшылар, жаттықтырушылар үшін, сондай-ақ Қазақстанда паралимпиадалық спортты дамытуға мүдделі барлық адамдар үшін маңызды оқиға.
Айта кетерлігі, бочча – негізінен доп ойыны. Яғни тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Елімізде бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!