
Дзюдодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 44 мемлекеттен 358 спортшының басын қосқан әйгілі «QazaqstanBarysyGrandSlam» бәсекесі өтуде.
Дзюдошыларымыз елорда татамиінде 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алып, алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 5-орынға жайғасты.
Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 жарысының ресми ашылуына құттықтау сөз айтқан: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары — Ермек Көшербаев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті — Қуанышбек Есекеев, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті — Мариус Визер.